Профи-бокс
29 мамыр 2017 10:43
 
Головкин IBF тарту еткен сыйлығын көрсетті

  Пікірлер

blog.share

Головкин IBF тарту еткен сыйлығын көрсетті

Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Халықаралық бокс федерациясының Сент-Питерсбергте өткен (АҚШ, Флорида штаты) 34-ші жылсайынғы конвенциясына қатысты.

Айтулы шарада Головкин 2016 жылғы тамаша жетістігі үшін IBF-тен награда алды. Боксшы өз сыйлығын Твиттерде жариялады.

"Мен үшін Халықаралық бокс федерациясынан (IBF) Джерси Джо Уолкот атындағы сыйлықты алу үлкен мәртебе. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін рахмет!" - деп жазды Головкин әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, 2016 жылы Геннадий екі кездесу өткізіп, америкалық Доминик Уэйдті (18-1, 12 КО) және британдық Келл Брукты (36-2, 25 КО) нокаутқа жіберді.

Honored to receive this Jersey Joe Walcott Award from IBF. Thank you for your support!

Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

Жарнама

Живи спортом!