auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин IBF белбеуінен айырылғаннан кейін "Канелоның" командасымен қайта келіссөз бастады

Головкин IBF белбеуінен айырылғаннан кейін "Канелоның" командасымен қайта келіссөз бастады
"Канело" Альварес және Геннадий Головкин. Сурет: reviewjournal.com
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) бұған дейін өзі қойған талаптарынан бас тартып, мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен қыркүйек айына жоспарланған екінші кездесуді ұйымдастыру үшін келіссөзді қайта бастады. Бұл туралы ESPN басылымына боксшымыздың промоутері Том Леффлер айтып берді. 

Головкин өз талаптарын Халықаралық бокс федерациясы (IBF) отандасымыздан өз белбеуін тартып алғаннан кейін өзгертіп отыр. IBF болса мұндай шешімді қазақстандық боксшының осы нұсқа бойынша міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченкомен (12-0, 10 КО) 3 тамыз күні кездесуге қағаз жүзінде келісім бермегені үшін шығарды. 

IBF Головкиннің алдына америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 КО) кездесудің алдында Деревянченкомен кездесуді талап еткен болатын. Бірақ Головкин мұны орындамады. Дегенмен де отандасымыз WBA (Super), WBC және IBO белбеулерінің иегері болып қалады. 

Негізі Головкин IBF міндетін 5 мамыр күні Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші кездесудің алдында орындауға жоспарлаған еді. Бірақ бұл кездесу мексикалық боксшының допинг дауына байланысты өтпей қалды. 

Головкин мен Альварестің командалары екінші кездесуді қыркүйек айында өткізуді жоспарлаған еді. Бірақ келіссөздер тоқталып қалған болатын. Өйткені, қазақстандық боксшы бұл кездесудегі табысын 35 пайыздан 50 пайызға дейін көтеруді талап етті. Дегенмен мексикалық боксшының командасы бұл ұсыныстап бас тартып, "пойыз кетіп" қалды деген болатын. 

Дегенмен де алдағы уақытта келіссөздер қайта басталуы мүмкін. Леффлердің айтуынша, Головкин өз талаптарын түсіруі мүмкін. 

"Геннадий өз талабын түсіруге келісім береді. Ол Оскардың не айтқанына қарамастан, "Канеломен" екінші рет кездескісі келеді. 

Головкин табысты 55 те 45 көрсеткіші бойынша бөлуге дайын. Олардың кездесуі үшін бокс үшін де Геннадий үшін де маңызды. Біз жекпе-жекті қалаймыз. 

Мен Оскармен емес, Эрик Гомеспен (GBP президенті) келіссөз жүргізіп жатырмын. Эрикпен сәрсенбі күні Эрикпен сөйлестім. Енді ол Оскар және "Канеломен" сөйлесіп, кездесуді туралы анықтайтын болады. 

Бұл ақпаратты Гомес те растап отыр: "Мен жақында Томмен сөйлестім. Бұл мәселе туралы Оскармен сөйлесемін, содан соң "Канеломен" де. Не боларын көреміз". 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама