auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің PPV сатылымынан түскен пайданың жаңа деректері жарияланды

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің PPV сатылымынан түскен пайданың жаңа деректері жарияланды
© vk.com/ggolovkin
Америкалық промоутер әрі инсайдер Рик Глейзер WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин ме америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жектің ақылы трансляциясынан (PPV-трансляциясы) түскен пайданың бұған дейін жарияланған деректері шындыққа жанаспайды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Головкиннің промоутері Том Леффлердің таратұан мәліметі бойынша, бұл жекпе-жектің ақылы көрсетілімін 170 мыңнан аса көрермен тамашалапты. Бұл көрсеткіш бойынша аталған кездесу Сергей Ковалев пен Андре Уордтың жекпе-жегінен асып түсті. 

Дегенмен өімірінің 30 жылдан көп бөлігін кәсіпқой боксқа арнаған Глейзер ол көрсеткіштер шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның мәліметі бойынша, Головкин - Джейкобс жекпе-жегін шын мәнінде 123 мың жанкүйерді жинапты. Ал инсайдер бұл кездесуді 110 мың жанкүйер тамашалайды деп болжаған еді. 

"Головкин - Джейкобс жекпе-жегінде ұйымдастырушылар таратқандай 170 мың PPV көрсетілімі сатылған жоқ. Шынында ол кездесуді 123 мың жанкүйер ақылы тамашалады. Дегенмен бұл боксшылар үшін жақсы көрсеткіш", - деп жазады Глейзер өзінің Facebook парақшасында. 

Бұл жекпе-жектің ресми деректерін НВО телеарнасы жуық арада таратады. Головкин үшін бұл АҚШ жерінде PPV жүйесі арқылы өткізген екінші жекпе-жегі еді. Бұған дейін отандасымыз 2015 жылдың қазан айында канадалық Давид Лемьеге қарсы өткізген кездесуі де ақылы жүйе бойынша көрсетілген. Ол кездесуді шамамен 150 мың көрермен тамашалаған болатын.

2016 жылы Головкиндің PPV жүйесі бойынша Лондонда жекпе-жек өткізді. Британдық Келл Брукқа қарсы өткізген отандасымыздың кездесуін Sky Sport телеарнасы ақылы жүйе бойынша таратты. Бейресми дерек бойынша, бұл кездесуді 500 мың көрермен ақылы тамашалаған. Бірақ Sky Sport ресми деректерді әлі таратқан жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама