auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин - Джейкобс жекпе-жегін "Қазақстан" мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Головкин - Джейкобс жекпе-жегін "Қазақстан" мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
Сурет kazsporttv.kz сайтынан
19 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы "Мэдисон Сквер Гарден" кешенінде WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин  (36-0, 33 КО) мен WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) арасында жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыздың бұл жекпе-жегін "Қазақстан" ҰТА мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 08:00-де.

Мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз  2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы титулдарына ие. Ал, 2016 жылы Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша  Әлем чемпионы атанды.

Қарсыласы Дэниел Джейкобс - орта салмақ дәрежесіндегі WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы (2014 жылдан бастап) және NABF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы (2010). Кәсіби рингте 33 жекпе-жек өткізіп, тек бір рет қана жеңілістің ащы дәмін татып көрген. Америкалық боксшыны ресейлік Дмитрий Пирог нокаутқа жіберген болатын.

Бұл жекпе-жек  Геннадий Головкиннің WBA (Super) нұсқасы бойынша суперчемпион титулын 17-ші рет қорғауы болмақ.

Қазіргі уақытта боксшылар бернеше айға созылған дайындықтарын пысықтап, жекпе-жекті күтуде.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама