Головкин-Джейкобс жекпе-жегі нокаутпен аяқталады - Санчес
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) бапкері шәкіртінің америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) кездесуінен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) бапкері шәкіртінің америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) кездесуінен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бірінші кезекте Дэнни Джейкобсқа бізге нағыз джентльмен ретіндегі көзқарасына алғыс айтқым келеді. Екі жарым жыл бұрын ол титулды жеңіп алды, сол уақытта ол бокстың кіл мықтыларымен жұдырықтасуға дайын емес екенін айтқан. Ол 10-12 раундқа созылатын жекпе-жектер керек екенін де меңзеген еді. Менің білуімше, ол Головкиннің де атын атаған. Головкин-Джейкобс жекпе-жегі міндеттелгеннен кейін ол өзін чемпион ретінде ұстап, кездесуге талпынысын байқатты", - дейді бапкер.
Сонымен қатар, ол жекпе-жектің қалай аяқталуы мүмкін екенін айтты. "Бізде нокауттар пайызы 90-нан асатын екі боксшы бар. Осыдан батыл түрде біреудің нокаутқа түсетінін болжай беруге болады. Меніңше, Андре екеуміз (Розье - Джейкобстың бапкері) бұл кездесудің бокс үшін маңызы мен салмағын түсініп отырмыз. Әлі де көп сөз айтылатынын білемін, бірақ оның барлығы промоушн үшін айтылмақ, ал бұл екі боксшының бізге әсерлі шоу сыйлауы мақсатында болмақ", - деп келтіреді "ВКонтакте" желісіндегі GGG ресми тобы Санчестің сөзін.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Жарнама