Профи-бокс
6 тамыз 2017 11:18
 
Головкин дамымай қалды - Тайсонның бұрынғы бапкері

  Пікірлер

blog.share

Головкин дамымай қалды - Тайсонның бұрынғы бапкері

Майк Тайсон мен Александр Поветкиннің бұрынғы бапкері, ESPN арнасының сарапшысы Тедди Атлас орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді сынның астына алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Осыдан екі жыл бұрын Головкин мен Альварестің жекпе-жегі туралы айтылғанда, мен осы кездесудің қателік болатынын айтқандардың бірі едім. Себебі Альварес өз промоутерлеріне жақсы табыс алып келіп жатты, бірақ Головкин одан әлде қайда мықты еді. Сол себепті де Альварес сол кездері қазақстандықпен жұдырықтасқанда жеңіліп қалары сөззсіз еді. Алайда екі жыл өтісімен, ол дамымай қалды. Оның соңғы екі жекпе-жегі оның әлсіздігін көрсетті. Головкиннің әлсіз тұстарын көрсеткен Джейкобс маған ұнайды.

Ендігіде оған жұдырық жұмсау оңайға түседі. Ол әлемдегі ең жылдам емес, ол еуропалық орта салмақтағы боксшыларды жеңіп, атағын шығарды. Джейкобспен оған қиындау болды. Ендігіде оның қарсыласы Альварес.Мексикалық тым жас әрі жақсы дамып келеді", - деді Атлас Boxingnews24 басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Жарнама

Живи спортом!