Головкин Биволдан жеңілгенін мойындамаған "Канелоны" сынға алды

©boxingscene.com

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жартылай салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасында өткен кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

GGG Биволдан таза жеңілгенін мойындамаған мексикалықты сынға алды. Еске салайық, бұл айқаста "Канело" төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша ұтылған болатын. 

"Мен бұл кездесуді толық көрген жоқпын. Тек шолуын қарадым. Бивол сенімді түрде жеңіске жеткенін көрдім. Ал "Канело" төрешілердің шешімімен келіспейтінін білдіргенде көңілім қалды. Егер сен шынымен кәсіпқой болсаң, бокстың не екенін білесің. Біздің спортта мұндай дүние болатынын түсінуің керек. 

Неге мұндай мінез көрсетесің? Егер бір немесе екі ғана раундта жеңсең, қалай ұттым деп айта аласың? Жанкүйерлерің де көп қой. Сені көп адам қарайды. Бірақ анау қылығың кәсіпқой боксшыға жат. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Дмитрий Биволды тағы жеңісімен құттықтағым келеді", - деп келтіреді Головкиннің сөзін Fansided.com порталы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар