Профи-бокс
1 желтоқсан 2018 13:40
 

Головкин басқа салмаққа өтуі мүмкін - Том Леффлер

  Пікірлер

blog.share

Головкин басқа салмаққа өтуі мүмкін - Том Леффлер Том Леффлер мен Геннадий Головкин. © flickr.com

Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының WBO чемпионы мексикалық Хильберто Рамиреспен жұдырықтасу үшін басқа салмақ дәрежесіне өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Головкиннің промоутері қазақстандық боксшының WBO чемпионы мексикалық Хильберто Рамиреспен жұдырықтасу үшін басқа салмақ дәрежесіне өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Том Леффлер Fino Boxing порталына берген сұхбатында айтты. Оның сөзіне қарағанда, Головкин мексикалық Хильберто Рамиреспен (38-0, 25 КО) жұдырықтасу үшін супер орта салмақ (76,2 келіге дейін) дәрежесіне ауысуы мүмкін.

"Егер ол дұрыс жекпе-жек болса, Геннадий сол салмаққа көтеріледі. Хильберто Рамирес - чемпион, менің ойымша, оның Рокки Филдингтен мықтылығы дәлелді. Егер ол кездесу өтсе, GGG үшін жақсы жекпе-жек болар еді. Боб Арум екеуміз бұл жекпе-жек туралы біраз уақыттан бері айтып келеміз.

Мүмкін жекпе-жектер көп. Роб Брэнт Муратуды жеңді. Онымен кездесу де қызық болар еді. Ұсыныстардың көп болғаны тамаша, Геннадийдің атағы зор. Қазір барлығы онымен жекпе-жек өткізуге дайын сияқты. Промоутер ретінде осы барлық жекпе-жекті ұйымдастыруға мен үшін де жақсы сәт", - деді ол.

Жарнама

Живи спортом!