Профи-бокс
1 шілде 2017 11:09
 
Головкин бәрін нокаутқа түсіріп келді, бірақ, қыркүйекте ол не істерін білмей қалады - Хопкинс

  Пікірлер

blog.share

Головкин бәрін нокаутқа түсіріп келді, бірақ, қыркүйекте ол не істерін білмей қалады - Хопкинс © RingSide24

Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Бернард Хопкинс 16 қыркүйекте болатын жекпе-жекте мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді жеңетініне сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Адамдар панчерлардан өзгесін көрмейді, егер сіз де сондай болсаңыз, осы шуға қатысыңыз бар. Головкин жеңіледі. Өйткені "Канело" қарсыластарына білдірмей жақындап, бастан соққы жасайды да жеңіске жетеді. Головкиннің В жоспары бар ма? Әрбір мықты боксшының қосымша жоспары болу керек. Бірақ Головкинге бұл ешқашан қажет болмады. Қыркүйекте оның В және С жоспары болу керек.

Жекпе-жектің екінші бөлігінде "Канело" басымдығын көрсетеді, күшіне ғана сенген Головкин бұрын болып көрмеген жағдайға түседі. Өйткені бұған дейін ол барлығын нокаутқа түсіріп келді.

Мен Головкиннің жекпе-жек кезінде өзін икемдегенін көрген жоқпын. Ал "Канело" жоспарында қатып қалған емес, қарсыласына қарай тактикасын өзгертеді. GGG үнемі алға ғана жүреді. Головкиннің көп жекпе-жегінен оны қалай жеңуге болатыны байқалады. Ол жаман да, жақсы жаққа да өзгермеді. Ал "Канело өзін жетілдіріп келеді", - дейді Хопкинс International Business Times басылымына берген сұхбатында.

Мұның алдында Хопкинс қыркүйекте бәрі таңырқайтынын айтқан. Оның сөзінше, Альварес тарихқа із қалдырады және бұл адамдар ойлағандай қиын болмайды. Сонымен бірге, ол "Канело" төрешілер шешімімен жеңеді деген болжам жасады. Бірақ Головкиннің өзі мұның бәрін уақытынан бұрын айтылған дәйексіз сөздер деді.

Жарнама

Живи спортом!