Профи-бокс
10 наурыз 2017 10:18
 
Головкин ауыр салмаққа өтпейтінін мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

Головкин ауыр салмаққа өтпейтінін мәлімдеді Геннадий Головкин. © sportsonearth.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтып берді, - деп жазады Vringe.com порталы.

"Дэнни - өте жақсы боксшы. Мүмкін оның соққысы менікіне қарағанда күштірек шығар. Бірақ бұл жерде мәселе тек жұдырықтың күшіне байланысты емес, сондай-ақ, тайминг пен қашықтыққа байланысты. Жалпы, ол мықты панчер әрі тамаша боксшы", - деді Головкин.

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы орта салмақтан кетпейтінін айтып өтті.

"Маған осында ыңғайлы. Қазір мен шамамен 75 келімін, бір аптадан соң 74 келі болып қаламын. Категориямды жоғарылату жайлы ештеңе айта алмаймын", - деді Головкин.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді.

Жарнама

Живи спортом!