Головкин America’s Got Talent шоуында алматылық Даниэлия Тулешованы қолдауға шақырды

Данэлия Тулешова. Сурет: America's Got Talent©
Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) қазақстандық әнші қыз Данэлия Тулешованы қолдауға шақырды,-деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

14 жастағы отандасымыз Лос-Анджелес қаласында America’s Got Talent шоуы 15-маусымының финалында өнер көрсетіп жатыр. Дауыс беру бір тәулікке жалғасады. Ал нәтиже ертең, 24 қыркүйек күні шығады. 

"Данэлия Тулешов, қандай талантты! Біз сені мақтан тұтамыз. Дауыс беріп, қолдап жіберейік", - деп жазды Головкин твиттер парақшасында. 



Жалпы бұл шоудың финалында он орындаушы қатысты. Тулешова австралиялық танымал әнші Sia айтатын Alive әнін орындап шықты. 



Айта кетейік, шоудың ережесі бойынша, қатысушыларға тек АҚШ территориясынан ғана дауыс беруге болады. 




Метки:
Жаңалықтар