Xsi9iPBnOglIDQY41M0VmuqWdNM65dnuLn9RNqM9
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин Альвареспен келісе алмаса, жоғарғы салмаққа өтеді - Санчес

Головкин Альвареспен келісе алмаса, жоғарғы салмаққа өтеді - Санчес
© Reuters / Peter Cziborra
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының Сауль "Канело" Альвареспен келісе алмаса жоғарғы салмаққа өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий орта салмақта барлық белбеулерді жеңгеннен кейін, сол дивизионда қалудың еш мәнісі жоқ. Ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерспен жекпе-жек маусымда өтетін болса, онда GGG екінші орта салмаққа көтерілуді жоспарлап отыр. Ары қарай..."Канеломен" келісімшарт жасалса, онымен жұдырықтасуға да дайынбыз. Егер ол келіспесе, супер орта дивизионға көшетін боламыз", - деп жазады Санчестің сөзін BoxingNews24 порталы.

Оның айтуынша, супер орта салмақта олар "ірі жігіттермен шаршы алаңға шығып, ірі жекпе-жектерге шығатынын" айтады. Екінші орта салмақтағы жігіттердің Головкиннің соққысына қалай төтеп беретінін көреміз. Хильберто Рамирес қазірдің өзінде Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Мен Головкиннің супер орта салмақта барлық белбеулерді жеңіп алғанын көргім келеді, - деді бапкер.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама