auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин - Альварес жекпе-жегінің Ұлыбританиядағы PPV көрсетілім құны жарияланды

Головкин - Альварес жекпе-жегінің Ұлыбританиядағы PPV көрсетілім құны жарияланды
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы кездесу Ұлыбритания және Ирландия елдерінде ақылы жүйе бойынша (PPV) көрсетілетін болды, деп жазады BoxingScene.com

Бұл кездесуді аталған елдерде бірнеше арна көрсетеді. Тарқатып айтсақ, BoxNation арнасы жекпе-жекті орта сапада 16,95 фунтпен таратса, НD форматында 21,95 фунтпен көрсетеді. 

Ал Sky Box Office және Virgin Media көрермендері жекпе-жекті тамашалау үшін 16,95 фунт төлеулері керек. 

Айта кетейік, Головкиннің жекпе-жегі бұған дейін де Британия жерінде PPV арқылы көрсетілген. 2016 жылы Лондонда Келл Брукқа қарсы өткізген отандасымыздың кездесуін 500 мың көрермен ақылы жүйе бойынша тамашалаған болатын. 

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама