Головкин әлі де Альвареспен кездесуі мүмкін
Генадий Головкиннің промоутері Том Леффер GGG-дің командасы әлі де болса Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айты. Бірақ, бұл жекпе-жек енді қазақстандық боксшының Дэниэл Джейкобсқа қарсы өткізетін кездесуіне тікелей байланысты болады.

"Әлі ештеме аяқталмады. Біз Альварестің командасымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер келісім-шартқа қол қоятын жол тапсақ, біз міндеттіт түрде шартнама жасаймыз. Дегенмен, уақыттың алдына түсіп жүгірмегеніміз абзал. Өйткені, бұл жекпе-жек енді Головкиннің Джейкобсқа қарсы өткізетін кездесуіне тікелей байланысты болады. Егер, 18-наурыз күні Головкин жеңіліп қалатын болса, Саульдің командасымен ары қарай сөйлесудің еш маңызы болмайды. Сондықтан да Головкин 18-наурыз күні жеңіске жетіп, чемпиондық белбеулерін сақтап қалуы керрек.
Головкин Джейкобстан үстем түсетін болса, онда бізге ары қарай қарсылас іздеу оңай болады. Ол кезде біз бірінші кезекте "Канелоны" жекпе-жекке шақырамыз", - дейді Леффер boxingscene.com басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 2016 жылы болуы мүмкін еді. Дегенмен, мамыр айында мексикалық боксшы орта салмақтағы WBC белбеуінен бас тартып, алғашқы орта салмаққа оралған.
Подробнее: http://vesti.kz/profi/230907/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz
Жарнама