Головкин ағылшын тілін білмегені үшін айыпты ма?
Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Эдриен Бронер (32-2, 24 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді сынға алды (36-0, 33 КО), - деп хабарлайды Vesti.kz.
Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Эдриен Бронер (32-2, 24 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді сынға алды (36-0, 33 КО), - деп хабарлайды Vesti.kz.
Америалық боксшы Головкин - Пакьяо арасында өтеді делінген жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Пакьяомен Головкиннің орнына өзі шыққысы келеді екен. Сонымен қатар 28 жастағы былғары қолғап шебері Головкинге қарағанда өзі PPV бойынша жоғары сатылым жинап, үлкен гонорар алып бере алатынын айтып отыр.
"Пакьяоға сөзсіз қажетпін. Головкинге соңғы жекпе-жегі үшін қанша төледі? Мен мұны айтпай-ақ қояйын. Менің айтарым, Пакьяо екеуміздің жекпе-жегіміз қанша ақша жинай алатынын білемін. Қыруар ақша! Мен өзімді қатты жарнамалаймын, білесіздер. Мен айтқым келген нәрсені айтамын. Головкинді мысалға алайық. Оны Америкада жарнамалағысы келеді. Бірақ, ол ағылшын тілін білмейді ғой. Оның орнына мені PPV-ға қойыңыз, барлығы мені тамашалайды, өйткені, мен не айтып тұрғанымды білемін. Айырмашылық осы", - деп келтіреді BoxingScene.com Бронердің сөзін.
Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/boxing/tort-salmak-darejes-boyyinsha-alemnn-eks-chempionyi-276485/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.
Жарнама