Профи-бокс
27 сәуір 2018 15:24
 
Головкин 5 мамырда болатын кездесуден кейінгі жоспарымен бөлісті

  Пікірлер

blog.share

Головкин 5 мамырда болатын кездесуден кейінгі жоспарымен бөлісті Геннадий Головкин. Сурет: HBO Boxing

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 5 мамыр күні америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) өтетін кездесуінен кейінгі жоспарымен бөлісті. 

Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу Карсон қалашығында (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Негізі әу баста отандасымыз Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесуі керек еді. Бірақ жекпе-жекке екі ай қалғанда мексикалық боксшысы допингпен ұстал қалды. Содан соң жекпе-жек өтпейтін болды. Енді Альварестің жаза мерзімі 17 тамызда аяқталады. Ал ол келесі кездесуін қыркүйек айында өткізуги ниетті. 

Головкиннің айтуынша, Альвареспен қыркүйек айында жекпе-жек өткізу, оның басты мақсаты екен. Сондай-ақ мұндай кездесулер барлық боксшыларға тиімді. 

"Канелоға" қарсы кездесу - боксшылар үшін де, ұйымдастырушылар үшін де үлкен табыс түсіретін жекпе-жек. Егер келісімге келсе, мен қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге дайынмын. 

"Канеломен" кездесу - басты мақсатым. Қыркүйек айында онымен жекпе-жек өткізу үшін барлығын жасаймын. Джермалл Чарло және Билли Джо Сондрес секілді мықты боксшылардың да бар екенін білемін. Бірақ мен қазір 5 мамыр күні өтетін кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмын. Солан соң Альвареспен кездесу туралы сөйлесеміз. Барлық жанкүйерлер бұл кездесуді асыға күтіп отыр. Ал мен оған дайынмын", - деп келтіреді Головкиннің сөзін Boxingscene.com порталы. 

Жарнама

Живи спортом!