Golden Boy Promotions басшылары Головкин мен Мунгия кездесуі туралы ресми мәлімдеме жасады

Геннадий Головкин. Сурет: DAZN

Орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин 41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) арасындағы кездесу әлі де өтуі мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Fight Freaks Unite баслымына сілтеме жасап. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Мунгияның жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions басшылары өз клиенттерінің GGG-ға қарсы жекпе-жегін ұйымдастыруға ниетті болып отыр. 

Промоутерік компанияның басшысы Оскар Де Ла Хойя  Головкиннің де командасы бұл кездесуді ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. Жекпе-жек 2021 жылдың мамырында өтуі мүмкін. 

Еске салайық, бұған дейін Головкин мен Мунгия 7-мамыр күні Техас штатында кездесу өткізуге келіскені туралы ақпарат шықты. Бірақ кейін мексикалықтың бұл айқастан бас тартып, басқа қарсылас таңдағаны туралы айтылды. 

Мунгия өзінің соңғы кездесуін қазан айында өткізіп, Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) жеңді. Ал Головкин болса желтоқсан айында польшалық Камиль Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеуін 21-рет қорғап қалды. 
 
 
 
 

 

Метки:
Жаңалықтар