Golden Boy президенті Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесу қашан өтетінін айтты

Сурет: Getty Images ©
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші кездесудің қашан өтетінін айтты,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Sky Sports порталына берген сұқбатында Гомес үшінші кездесудің 2021 жылы өтетінін айтты. Өйткені биыл коронавирусқа байланысты үлкен жекпе-жек ұйымдастыру мүмкін болмай тұр. Оның үстіне промоутерлік компания мұндай жекпе-жекті жанкүйерсіз өткізуді қалап отырған жоқ. 

"Біз үшінші кездесуді өткізудің талаптары туралы талқылап тастады. "Канело" жекпе-жек өткізуге дайын. Біз көпшілікті таңғалдырып, айқасты келесі жылы өткізе аламыз. Екі боксшы да (Головкин мен "Канело") өткен екі кездесудің табысты болғанын біледі. Сондықтан да ақша жасау үшін олар де кездесуге ниетті", - деді Гомес. 

Айта кетейік, Головкин мен Альварес бұған дейін екі мәрте кездесіп, бір кездесу тең аяқталса, екінші кездесуде мексикалық боксшы жеңіске жетіп кетті. 






Метки:
Жаңалықтар