Профи-бокс
28 мамыр 2018 10:58
 
Golden Boy "Канелоның" келесі кездесуі қашан өтетінін хабарлады

  Пікірлер

blog.share

Golden Boy "Канелоның" келесі кездесуі қашан өтетінін хабарлады Сауль "Канело" Альварес. Сурет: reviewjournal.com

Екі бірдей допинг сынағы оң нәтиже беріп, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) келесі кездесуі қашан және қайта өтетіні белгілі болды, Бұл туралы SPN Deportes хабарлап отыр. 

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, "Канело" шаршы алаңға 15 қыркүйек күні оралады екен. Оның жекпе-жегі Лас-Вегас қаласында өтіп, PPV жүйесі арқылы көрсетіледі. 

"Біз Лас-Вегасқа барамын. Жекпе-жекті PPV арқылы көрсетіледі. Үлкен мереке болады. Қазіргі уақытта Сауль - әлемдегі нөмірі бірінші боксшы. Ол Лас-Вегастағы спорт кешенін толтыра алатын жалғыз боксшы. Біз "Канелоға" және оның жанкүйерлеріне сенімдіміз. Бұл оның биылғы жылдағы бірінші кездесуі болмақ. Сондықтан да оның шаршы алаңға қайта оралғанын көптеген жанкүйер күтіп жүр", - деді Гомес. 

Негізі "Канело" қыркүйек айында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездеседі деп күтілген болатын. Бірақ келіссөздер тоқтап қалған екен. Оған себеп екі тараптың қаржылық мәселені шеше алмауы болған. Бірақ  GGG командасы мүлде басқа себепті алға тартып отыр. 

Ал Гомес болса кездесуді әлі де ұйымдастыруға болады дейді. Ол үшін Головкиннің командасы біріншіі ұсынысты қабыл алуы керек. Головкиннің промоутері болса қарсылас таңдауға келгенде қиналып отырмағанын және таңдауды отандасымыздың жасайтынын хабарлады. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтуі керек еді. Бірақ кездесуге екі ай қалғанда мексикалық боксшы допингпен ұсталып, бокстан шеттетілді. Ал жекпе-жек өтпейтін болды. 

Содан соң Головкиннің командасы тез арада басқа қарсылас қарастырып, дәл сол күні Карсон (АҚШ, Калифорния штаты) қаласында Ванес Мартиросянмен кездесті. Бл кездесуде қазақстандық боксшы қарсыласы екінші раудта-ақ нокаутқа түсірді. 

Жарнама

Живи спортом!