Профи-бокс
21 қараша 2017 10:16
 
Golden Boy, HBO, демеушілер және Головкин екінші кездесуге келісім берді. Енді тек "Канелоның" шешімін күтіп отырмыз - Леффлер

  Пікірлер

blog.share

Golden Boy, HBO, демеушілер және Головкин екінші кездесуге келісім берді. Енді тек "Канелоның" шешімін күтіп отырмыз - Леффлер ©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жұмыстарымен айналысатын промоутер Том Леффлер Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші кездесуді ұйымдастыруға жақын екенін, қазір тек мексикалық боксшының шешімін күтіп отырғанын айтты. 

"Мен Эрик Гомеспен ("Канелоның" промоутері) сөйлесті, Golden Boy екінші кездесуді өткізгісі келетінін айтты. НВО арнасы да екінші кездесуді ұйымдастырғысы келеді. Сонымен қатар Геннадий мен Саульдің демеушілері Tecate екінщі кездесуді көргісі келетінін хабарлады. Жалпы барлығы бұл кездесуді күтіп отыр. Енді біз тек "Канелоның" келісім бергенін күтіп жүрміз. Біздің тараптан Головкин екінші кездесуді өткізуге "иә" деп жауап берді. GGG бірінші кездесуді жеңдім деп отыр. Ол қазір орта салмақтың чемпионы. Енді расында бұл салмақтың мықтысы кім екенін анықтау үшін, екінші кездесу керек. 

"Канелона" келісімшартқа қол қоймағанынша екінші кездесу туралы айту қиын. Егер "Канело" кездесуден бас тартатын болса, біз басқа қарсыластар іздейміз. Golden Boy "Канелоның" Англиядан келгенінен кейін сөйлесеміз деп отыр", - дейді Леффлер ESPN Deportes арнасына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі белбеулерін сақтап қалды. Олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Қазір бұл туралы екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр.

Жарнама

Живи спортом!