ZXEiYHSGDYOg4UkUvKol9TBhP4z5vtKjX9e9jK6c
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Golden Boy боксшысы Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің жеңімпазымен кездесетінін айтты

Golden Boy боксшысы Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің жеңімпазымен кездесетінін айтты
Ирландиялық боксшы Гэри "Спайк" О'Салливан (28-2, 20 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесудің жеңімпазымен кездесетінін айтып қалды. 

Кеше түнде Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің өтетінін туралы ресми хабар тараған еді. Екінші жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегас (Невада штаты) қаласындағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуді НВО арнасы ақылы жүйе (PPV) жүйесі арқылы көрсетеді. 

"Бұл кездесуді өтетінін мен бұған дейін айтқанмын. Мұны жоққа шығармаңыздар. Олардың екінші рет кездесуді ұйымдастыра алғанына қуаныштымын. Асыға күтіп жүрмін. Содан соң желтоқсан айында мен өз арманымды орындап, чемпиондық белбеулерді жеңіп аламын", - деп жазды "Спайк" Твиттер парақшасында. 




Айта кетейік, О'Салливанның жекпе-жектерін де Альварестің кездесулерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. Ирландиялық боксшы 2016 жылдың мамыр айында Бораттың киімін киіп, Головкинді жекпе-жекке шақырып, танымал болған еді. 

Еске салайық, бұған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер отандасымыз биыл тағы екі кездесуді өткізетінін айтты. Оның біріншісі қыркүйекте, екіншісі желтоқсан айында болады. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама