y0Jdw5Fyq8GID40uB3BPKkmFl8MOSro7jIoFh3Js
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

GGG мен "Канело" жекпе-жекке 18 күн қалғанда кездесуге келісті

GGG мен "Канело" жекпе-жекке 18 күн қалғанда кездесуге келісті
Сауль Альварес пен Геннадий Головкин. © Golden Boy Promotions
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО)пен қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) екеуі БАҚ өкілдері үшін арнайы шаралар өткізу үшін жекпе-жекке 18 күн қалғанда кездесетін болып келісті. Бұл туралы GGG ромоутері Том Леффлер мәлімдеді. 

"GGG - "Канело" екінші жекпе-жегіне арналған НВО арнасының "24/7" Деректі фильмі" 28 тамызда АҚШ-та эфирден көрсетіледі. Сондай-ақ Том Леффлер қос боксшының дәл осы уақытта БАҚ өкілдері үшін арнайы шаралар өткізетінін айтты", - деп жазды talk SPORT журналисі Майкл Бенсон Twitter желісіндегі парақшасында. 

Осыған дейін, Головкин мен Альварес екінші жекпе-жектің алдында тек бір апта уақыт қалғанда ғана кездесетіні жайлы айтылған болатын. Қазақстандық боксшының айтуынша, бұл талап оның қарсыласының тарапынан қойылған. 

Шілденің басында Головкин мен Альварестің командасы Facebook желісінде телеконференция өткізіп, жанкүйерлер мен журналистердің сұрақтарына жауап берген еді. Қазақстандық боксшы бұл кезде Калифорния штатындағы Big Bear лагерінде болған, ал мексикалық өзінің туған жері Гвадалахарда болған. 

Олардың екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кіл мықтыны анықтай алмаған еді. 

Осыған дейін, мексикалық боксшы Головкинді өзімен шаршы алаңда кездескен ең мықты қарсылас болғанын айтқан еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар