Профи-бокс
28 желтоқсан 2017 11:15
 
GGG мен "Канело" жекпе-жегінде төрелік еткен Аделаида Бердтің бағасы Головкинге жыл боксшысы атануға кері әсерін берді

  Пікірлер

blog.share

GGG мен "Канело" жекпе-жегінде төрелік еткен Аделаида Бердтің бағасы Головкинге жыл боксшысы атануға кері әсерін берді Аделаида Берд Головкин - "Канело" жекпе-жегінде. © Erik Verduzco/ Las Vegas Review-Journal

Танымал америкалық CBS Sports сайты 2017 жылдың ең үздік боксшысын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол супер ауыр салмақта WBA (Super), IBF және IBO чемпионы ұлыбританиялық Энтони Джошуа (20-0, 20 КО). Екінші орында екінші жартылай орта салмақта украиналық Василий Ломаченко (10-1, 8 КО). 

Үздік үштікке орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жайғасты. 

"Егер төреші Аделаида Берд ондай баға қоймағанда Головкин сөзсіз осы номинацияда көш бастайтыны анық еді. Алайда қазақстандық боксшы мен мексикалықтың жекпе-жегі тең аяқталды және олардың екінші кездесуі 5 мамырда өтуі мүмкін. ГОловкин тең түскеніне қарамастан елдің барлығы оны әлемнің ең үздік боксшысы деп санайды", - делінген сайтта. 

Еске салайық, Аделаида Бердтің қойған бағасына байланысты үлкен дау шыққан еді. Ол жеңісті Альвареске беріп, 118-110 деген баға қойды, екінші төреші 115-113, ал үшіншісі - 114-114. Осылайша жекпе-жек тең аяқталды. 

Жарнама

Живи спортом!