auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

GGG-дің жаттығуына шыдай алмай, бірнеше жігіт үйлеріне қайтып кетті - Головкиннің спарринг қарсыласы

GGG-дің жаттығуына шыдай алмай, бірнеше жігіт үйлеріне қайтып кетті - Головкиннің спарринг қарсыласы
© youtube.com
Виргин аралдарының былғары қолғап шебері Джулиус Джексон (19-2, 11 КО) төрт жыл бойы WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің спарринг қарсыласы болып жүр. Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында ол отандасымыздың америкалық Дэниэль Джейкобсқа (32-1, 29 КО) қарсы қалай дайындалып жатқанын түбегейлі айтып берді. 

- Головкин үнемі бабында жүреді. Мен оның осымен төртінші жыл спарринг қарсыласы болып жүрмін. Осы төрт жылдың ішінде бірде-бір рет оның босаңсып жүргенін көргенім жоқ. Қазір ол нағыз бабында, - дейді Джексон. 

- Қалай ойлайсыз, Джейкобс Головкинде қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?

- Джейкобс - өте жақсы боксшы. Оның техникасы мықты. Бұл оның ең бір мықты тұстары. Әйткенмен де ол Головкинді жеңе алады деп ойлаймын. Головкин оның осал тұстарын біледі. Жекпе-жек кезінде сол осал тұстарын жақсы пайдалануы керек. 

- Бұл жекпе-жекке сіз қандай болжам жасап отырсыз?

- Менің ойымша, Головкин сегізінші не тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетеді. 

- Головкинмен спарринг өткізіп жүргеніме төрт жыл болды дедіңіз. Онымен шаршы алаңда жұдырықтасу қиын емес пе?

- Шынымды айтсам, Головкинге қарсы шаршы алаңға шығу қиын. Мұндай қара күші бар боксшымен мен бұрын-соңды кездесіп көрген емеспін. Осы уақытқа дейін Головиннің жаттығуына шыдай алмай, біраз жігіт үйлеріне қайтып кетті. 

- Головкин спарринг кезінде өзін толық көрсетпейтін шығар. Яғни, ол барлық күшін паш етпейтін шығар, иә?

- Ол бапкерлермен бірге түрлі тактиканы ойластырып жүреді. Ал рингте сол тактиканы жүзеге асырады. Дегенмен рингте оның шынында барлық күшін ортаға салмайтыны көрініп тұрады. 

- Жаттығу барысындағы бір естен кетпес оқиғаны айтып берсеңіз ... 

-Спаррингтен кейін біз егер ән қосылып тұратын болса, біз билейміз. Біздің бидегі жекпе-жегіміз өте көңілді өтеді. Мұны түсіндіру үшін тек көру керексіздер. 



- Головкин де билейді ме?

- Әрине. Біз ол мексикалық стильде билегенде тоқтамай күлеміз. Оның қимылы жаман емес. Бірақ тіпті кіші Рой Джонстың өзі биден Головкинді жеңіп кетеді. 

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақал трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама