GPrQYTjzAbET92bBGdohWo8Bp4kMqsUgW0HgSE1C
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

GGG Альвареспен үшінші кездесу өткізудің басты шартын атады

GGG Альвареспен үшінші кездесу өткізудің басты шартын атады
worldboxingnews.net
Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші кездесу өткізуге дайын, алайда ол қарсыласына ультиматум қоймақшы, - деп хабарлайды WorldBoxingNews.

Журналист Фил Джейдің айтуынша, қазақстандық боксшы өзін "жеңілдім" деп санамайды екен және Альварес тартып алған белбеулерді қайтаруды жоспарлаған. Қос боксшының өкілдері келіссөздерді бір-ақ күнде шешіп тастамасы анық, себебі Головкин жекпе-жекті Лас-Вегастан басқа жерде ұйымдастыруды талап етіп отыр.

Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Техас штатында жекпе-жек ұйымдастыруға болады екен. Үміткерлер қатарында Еуропа елдерінің бірінде жабылатын шатыры бар футбол стадионы да болуы мүмкін.

Басылым мәліметінше, GGG DAZN стримингтік сервисімен келісімшарт жасасқан. Келісім туралы ресми түрде келесі аптаның басында жарияланатын болады.

Головкиннің рингке мамырда не маусымда қайта оралады деп күтіледі, ал келісімшарт кем дегенде екі жекпе-жекке есептелген, бірақ болашақта бес немесе алты жекпе-жекке дейін артуы мүмкін.

Сауль Альварес былтыр қазанда бес жыл бойы 11 жекпе-жекте қызмет көрсету келісімшартына қол қойған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар