"Геннадийдің жеңетін мүмкіндігі бар". "Канелоның" қазақстандық спарринг қарсыласы трилогия туралы

©НВО

Екінші орта салмақта WBA белбеуіне үміткер қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы 16-0, 11 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) мықты тұстарын атап, оның Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші кездесу туралы ойымен бөлісті. 

"Канело" қарапайым адам. Оның басты артықшылығы - қорғанысы. Тәжірибесі де көп. Өзі соққы көтере алады. Жылдам, қара күші көп боксшы. Дегенмен оның де кемшіліктері бар. Бірақ оны құпия етіп сақтап қалайын. Үшінші кездесу өтетін болса, Головкинде жеңетін мүмкіндік болады", - деді Ербосынұлы. 

Еске салайық, Ербосынұлы "Канелоға" жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы кездесу дайындалуға көмектесті. Бұл жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 8 наурыз күні Лас-Вегас қаласында өтеді. Егер осы айқаста "Канело" жеңетін болса, онда қыркүйекте ол Геннадий Головкинмен үшінші мәрте кездесуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар