Кәсіпқой бокс
2 наурыз 2021 15:54

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны анықталды

Геннадий Головкин. Сурет: DAZN©

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF  белбеуін жеңілмеген мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО) қарсы қорғайтын болды,- деп хабарлайды RingPolska басылымы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, жекпе-жек 7-мамыр күні Техас (АҚШ) штатында өтеді. Бұл кездесу туралы екі боксшының командасы бірнеше аптадан бері келіссөз жүргізіп жатыр екен.

Мунгия - бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы. Ол Головкиннің салмағында екі кездесу өткізген. Тарқатып айтсақ, Мунгия ирландиялық Гэри О'Салливанды кейін Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсонды жеңген. 

Басылымның жазуынша, қазақстандық боксшы Деметриус Андрадемен кездесе алмайды. Себебі, америкалық боксшы алдағы уақытта міндетті қарсыласы Лиам Уильямсқа қарсы кездесу өткізеді. 

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін желтоқсан айында АҚШ жерінде өткізіп, польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО)  нокаутпен жеңді. Осы кездесуде қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап, рекорд орнатты.