Кәсіпқой бокс
10 қаңтар 2018 13:03
 
Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

  Пікірлер

blog.share

Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды ©: Тұрар Қазанғапов

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді 2017 жылдың үздік боксшысы деп таңдап, ал оның мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесуін жылдың үздік жекпе-жегі атанды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Жылдың үздік боксшысы атағына Головкиннен бөлек, тағы бес боксшысы - таиландтық Висаксил Вангек (Срисакет Сор Рунгвисаи деген атпен танымал) америкалық боксшылар Майки Гарсия, Теренс Кроуфорд, Джермелл Чарло және Деонтей Уайлдер үміткер болған еді. 

Ал жылдың үздік жекпе-жегіне Головкин - Альварес кездесуінен бөлек Франсиско Варгас - Мигель Берчельт (екеуі де - Мексика), Баду Джек (Швеция) - Джеймс ДиГейл (Ұлыбритания) және Лео Санта Круз (Мексика) - Карл Фрэмптон (Ұлыбритания) арасындағы екінші кездесу үміткер болды.

Жеңімпаз WBC кеңесінің ресми сайтында жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды. 

2017 жылы Головкин екі кездесі өткізді. Отандасымыз алдымен 18 наурыз күні Нью-Йоркте төрешілердің шешімі бойынша америкалық Дэниэль Джейкобстан үстем түссе, кейін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста мексикалық Альвареспен тең түсті. 

Жарнама

Живи спортом!