Профи-бокс
11 тамыз 2020 11:09

Геннадий Головкин алға қойған мақсатқа қалай жетуге болатынын айтты

Сурет: frontproofmedia.com
Орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 KO) алға қойған мақсатқа қалай жетуге болатынын айтты. 

"Мақсатың қаншалықты жақын екенін тек сен ғана білесің. Өзіңе сенімді бол. Сол кезде барлық мақсат орындалады", - деп жазды Головкин Instagram парақшасында. 



Айта кетейік, қазір Головкин шаршы алаңға қайта оралуға дайындалып жатыр. Оның келесі кездесуі күзде өтуі мүмкін. Қарсыласы - Камиль Шеремета (21-0, 5 КО). Польшалық боксшы отандасымыздың  IBF белбеуінің міндетті қарсыласы.