Профи-бокс
21 қыркүйек 2018 09:56
 
"Гена жеңістерінің құнын түсіндік" - Министр Головкиннің жеңілісі жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Гена жеңістерінің құнын түсіндік" - Министр Головкиннің жеңілісі жайлы © Fightnews.info

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында өткен жекпе-жек туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз тарихи жекпе-жектің куәсі болдық. Ол міндетті түрде бокс әлемінің алтын коллекциясына енеді.  Мен қазақстандықтардың Геннадий үшін бірауыздан қолдау білдіргеніне қуаныштымын. "Канеломен" өткен жекпе-жектердің арқасында қазақстандықтар Головкиннің қаншалықты күш жігерін жұмсайтынын байқады. Төрешілер оның қарсыласына болысып отырғаны, стадионға жиналған көрерменнің көбісі мексикалыққа жанкүйер болғаны және оның қарсыласының промоутерлік компаниясы бокс индустриясында өз дегенін істейтініне шыдап келгенін көруге болады. Соңғы жекпе-жектің арқасында Генаның осы күнге дейінгі жеңісінің құнын түсіндік. Барлық қарсыласты нокаутқа жіберу мақсаты болды, себебі төрешілердің қандай шешім шығаратын белгісіз, ал бұл дегеніміз психологиялық тұрғыдан ауыр салмақ", - деді Абаев.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегаста Головкин мен Альварес арасында екінші кездесу өтті. 12 раундқа созылған жекпе-жектің нәтижесінде, үш төрешінің екеуі жеңісті мексикалық боксшыға берді. Головкин үшін бұл кәсіпқой мансабындағы бірінші жеңілісі.

Сонымен қатар, көптеген бокс әлемінің өкілдері, сондай-ақ спорттық шолушылары мен басылым өкілдері екінші жекпе-жекте жеңісті Головкинге берілуі тиіс деп санайды.

Жарнама

Живи спортом!