Фьюридің әкесі баласының келесі қарсыласы кім болатынын мәлімдеді
Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері Тайсон Фьюридің әкесі баласының келесі қарсыласы кім болатынын айтты, деп хабарлайды talkSPORT порталы.
Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері Тайсон Фьюридің әкесі баласының келесі қарсыласы кім болатынын айтты, деп хабарлайды talkSPORT порталы.
"Мен ұлыма басқа боксшыларға уақыт құртпа деп айттым. Келесі қарсыласы Усик болуы керек. Басқа ешкім емес. Өзге боксшылар мені қызықтырмайды. Олар Тайсонмен бір деңгейде емес. Ұлым басқа боксшылармен шығу үшін мотивация да таба алмайды" - деді Джон Фьюри.
Еске салайық, кеше Фьюри Деонтей Уайлдермен кездесіп, 11 раунда нокаутпен жеңіске жетті. Бұл боксшылардың үшінші айқасы болды. Бірінші кездесуде төрешілер тең нәтижені тіркеген болатын. Екінші жекпе-жекте Фьюри нокаутпен жеңді.
Жарнама