Профи-бокс
11 мамыр 2017 16:18
 

Фредди Роуч Головкин мен "Канело" кездесуіне болжамын жасады

  Пікірлер

blog.share

Фредди Роуч Головкин мен "Канело" кездесуіне болжамын жасады © Getty Images

Бокстың халықаралық құрмет залына енгізілген америкалық бапкер Фредди Роуч қыркүей айында өтетін қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жекке өз болжамын жасады. 

""Канело" әр жекпе-жек сайын мықты болып келеді. Керісінше, Головкин болса қартайып барады. Дегенмен бұл кездесудің мәселесін шешетін соңғы фактор болмауы мүмкін. Джейкобске қарсы жекпе-жекте GGG ақылды бокстасты. Сондықтан да ол кездесуді Головкинді жеңді деп ойлаймын. Оған нокдаун жеңіс сыйлады. 

"Канелоның" соққылары дәл және техникасы толысты деп айта аламын. Қазір ол шаршы алаңда қолын бос серпи бермей, ойланып жұдырықтасады. Бұған дейін барлығы Головкинді фоварит деп есептеген еді, алайда мен олай деп айта алмаймын. Бірақ маған бұл кездесудің фоваритін таңда десе, мен Triple-G дер едім. Оның қартайып жатқаны жасырын емес. Десек те оны қазір әлсіз деп айтуға келмейді. Джейкобс Головкинді біраз әбігерге салды. Егер "Канело" да өзінің стильін ауыстыратын болса, қазақстандық боксшыға қиындық туғызуы мүмкін. Головкиннің де, "Канелоның" да соққылары мықты. Мұндай мықты боксшы арасындағы жекпе-жекте физикалық дайындық та көп нәрсені шешеді", - деп келтіреді Роучтың сөзін RingTV

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні өтеді. Қазіргі уақытта жекпе-жектің нақты қай жерде өтетіні белгісіз. Бұл кездесуді қабылдауға жеті спорт кешені үмітті. 

Жұртышылық асыға күткен кездесуде орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің барлық белбеуі сарапқа салынады. Ал "Канело" болса орта салмақтағы The Ring журналының белбеуін ортаға тастап, Головкиннің WBC белбеуінен бас тартқанын айтты. 

 

blog.share
Бокстың халықаралық құрмет залына енгізілген америкалық бапкер Фредди Роуч қыркүей айында өтетін қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық
Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жекке өз болжамын жасады. 

""Канело" әр жекпе-жек сайын мықты болып келеді. Керісінше, Головкин болса қартайып барады. Дегенмен бұл кездесудің мәселесін шешетін соңғы фактор болмауы мүмкін. Джейкобске қарсы жекпе-жекте GGG ақылды бокстасты. Сондықтан да ол кездесуді Головкинді жеңді деп ойлаймын. Оған нокдаун жеңіс сыйлады. 

"Канелоның" соққылары дәл және техникасы толысты деп айта аламын. Қазір ол шаршы алаңда қолын бос серпи бермей, ойланып жұдырықтасады. Бұған дейін барлығы Головкинді фоварит деп есептеген еді, алайда мен олай деп айта алмаймын. Бірақ маған бұл кездесудің фоваритін таңда десе, мен Triple-G дер едім. Оның қартайып жатқаны жасырын емес. Десек те оны қазір әлсіз деп айтуға келмейді. Джейкобс Головкинді біраз әбігерге салды. Егер "Канело" да өзінің стильін ауыстыратын болса, қазақстандық боксшыға қиындық туғызуы мүмкін. Головкиннің де, "Канелоның" да соққылары мықты. Мұндай мықты боксшы арасындағы жекпе-жекте физикалық дайындық та көп нәрсені шешеді", - деп келтіреді Роучтың сөзін RingTV

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні өтеді. Қазіргі уақытта жекпе-жектің нақты қай жерде өтетіні белгісіз. Бұл кездесуді қабылдауға жеті спорт кешені үмітті. 

Жұртышылық асыға күткен кездесуде орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің барлық белбеуі сарапқа салынады. Ал "Канело" болса орта салмақтағы The Ring журналының белбеуін ортаға тастап, Головкиннің WBC белбеуінен бас тартқанын айтты. 

 

Жарнама

Живи спортом!