Флойд Мейвезердің кейінге шегерілген жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды

©Reuters

Бес салмақта әлем чемпионы болған америкалық Флойд Мейвезер мен Дон Мур арасындағы шоу 21 мамыр күні Дубайда (БАӘ) өтеді. Бұл туралы Мейвезер Instagram парақшасында жазды. 

Кездесу 14 мамыр күні өтуі керек еді. Бірақ БАӘ президенті Халиф ибн Зайд Аль Нахаянның қайтыс болуына байланысты кейінге шегерілді. 

Еске салайық, Мейвезер негізі карьерасын аяқтаған. Ол қазіргі уақытта осындай шоуларда ғана өнер көрсетеді. Соңғы мәрте ол шоу айқасты 2017 жылы Конор МакГрегорға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Жалпы ол өз карьерасында 50 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Ал Мур болса соңғы кездесуін 2016 жылы өткізген. Бас-аяғы ол 18 кездесуде жеңіске жетсе, бір рет тең түскен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар