Профи-бокс
28 тамыз 2017 14:53
 
Флойд Мейвезер спорттық мансабында тапқан табысы 1 млрд доллардан асып түсті

  Пікірлер

blog.share

Флойд Мейвезер спорттық мансабында тапқан табысы 1 млрд доллардан асып түсті

Бокстан бес дүркін әлем чемпионы америкалық боксшы Флойд Мейвезер «ғасыр» жекпе-жегінде жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды жеңді. 

Бұл кездесу күш қолдану спорттарының ішіндегі ең көп қаржы жинаған жекпе-жек болды. Флойд Мейвезердың промоутерлік компаниясының атқарушы директоры Леонард Эллербенің сөзіне сенсек, аталмыш жекпе-жектен соң америкалық боксшының мансабында тапқан табысы 1 млрд $ асып түскен. Бұл жайлы Bleacher Report «Твиттеріндегі» парақшасында мәлімдеді.

Осылайша, Мейвезер спорт тарихында 1 миллиард доллардан аса табыс тапқан үшінші спортшы атанды. Бұған дейін мұндай меже баскетболшы Майкл Джордан мен голфшы Тайгер Вудсқа бағынған.

Айта кетейік, Мейвезер мен МакГрегор арасындағы жекпе-жек 27 тамыз күні Лас-Вегастағы 20 мың жанкүйерге арналған T-Mobile arena спорт кешенінде өтті. Тарихи кеште Конор МакГрегор белсенді бастаған. Алайда жекпе-жектің орта тұсында шаршап қалды. Бұл мүмкіндігін құр жібермеген тәжірибелі Флойд Мейвезер ирландиялықты қыспаққа алды. 9 раундта МакГрегор мүлдем жұдырықтасуды қойды. Әрі-бері қашқанымен Мейвезер оған бір-екі жойқын соққысын дарытып үлгерді. 10 раундтың басталғанынан сәл өткенде сылбыр қимылдаған Конор МакГрегор америкалық боксшыға мүлдем қарсылық көрсете алмады. Осылайша, төреші техникалық нокаутпен жеңісті Мейвезерге берді.

Жарнама

Живи спортом!