Флойд Мейвезер өзінің келесі кездесуі қашан өтетінін ресми хабарлады

Флойд Мейвезер. Сурет: Fightnews.info©

Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы болған америкалық Флойд Мейвезер YouTube-блоггер Логан Полмен кездесу өткізетін болды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады. 

Жекпе-жек 6-маусым күні Майами қаласындағы (Флорида штаты, АҚШ) Hard Rock Stadium спорт кешенінде өтеді. Әу баста бұл кездесу 20-ақпан күні өтуі керек болатын. Бірақ коронавирусқа байланысты айқас кейінге шегерілді. 

Ал кездесудің билеттері келесі аптада сатылымға шығады. 

Айта кетейік, Мейвезер соңғы кездесуін 2018 жылы 31 желтоқсан күні Токио қаласында өткізіп, бірінші раундта Тенсин Насукаваны жеңді. 

Пол болса кәсіпқой бокстағы ең алғашқы кездесуін 2019 жылдың қараша айында өткізіп, блоггер KSI-дан жеңіліп қалды. 

 

 

Метки:
Жаңалықтар