Флойд Мейвезер: Головкиннің жеңуі еш мүмкін емес, "Канело" оны сұлатады
© Fighter.kz
Бес салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер 16 қыркүйекте өтетін қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты өз болжамын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Головкиннің соққылары күшті екенін мойындаймын. Бірақ ол баяу және көп ағаттық жібереді. Білесіздер ме, қазір бокс басқа.
Головкин "Канелоны" жеңе алады ма? Еш мүмкін емес. GGG-ді жеңетін бірнеше жігіт бар және "Канело" осы тізімді бастайды. Мен Альвареске сенімдімін.
Мен жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталады деген ойдамын. "Канело" - қазіргі кезде әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі. Мен оның алдында басымды иемін. Альварес Головкинді сұлатады", - деп келтіреді Мейвезердің сөзін Boxingnews24.com.
Айта кетейік, бұл Мейвезердің Головкин туралы және Альвареспен жекпе-жекке қатысты айтқан алғашқы пікірі емес. Мұның алдында ол Головкин десе елдің неге есі шығатынына таңданыс білдірген болатын. Сонымен бірге, 40 жасқа келсе де, Головкинді оңай жеңетінін де сөз еткен.
Ал Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты Мейвезер бұрын да "Канелоның" жеңетінін айтып жүретін. Осыған байланысты БАҚ өкілдері Мейвезер Головкинді сұрамаса да жиі сөз етіп, өзі кәсіпқой бокста тәжірибесі жоқ МакГрегорды таңдағанын жазған.
Ал Оскар Де Ла Хойя Мейвезерге Альварес-Головкин жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасу туралы ұсыныс жасады.

Жарнама