Профи-бокс
26 қазан 2017 12:09
 
Фируза Шарипованың келесі кездесуі де Астана қаласында өтуі ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Фируза Шарипованың келесі кездесуі де Астана қаласында өтуі ықтимал

Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Фируза Шарипованың келесі кездесуі тағы да Астана қаласында өтуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz порталы. Мұндай ақпарат барлық боксшылардың карьерасын бақылап отыратын BoxRec порталында шықты. 

Шарипованың командасы бұған дейін боксшының келесі кездесуі 17 желтоқсан күні Алматы қаласында өтетінін хабарлаған еді. Жекпе-жек "Алматы-Аренада" өтеді делінген. Ал кездесуде бір чемпиондық белбеу сарапқа салынатынын айтылды. 

Отандасымыздың қарсыласы бельгиялық бұрымды боксшы Джемила Гонтарюк (13-4-1) болуы ықтимал. Бұл кездесуде екінші жартылай жеңіл салмақтағы IBO белбеуі сарапқа салынуы керек. 

Мұндай мәлімет Вoxrec.com порталында да болды. Бірақ қазір мәліметтер өзгеріп кетті. Шарипованың келесі қарсыласы белгісіз болып тұр. Ал порталда жекпе-жек Астанада өтетіні жазылған. 

Еске салайық, Фируза Шарипова өзінің соңғы кездесуін елордамызда өткізді. Бұл кездесуде отандасымыз Милена Колевамен өткізіп, жеңіске жетті. Осылайша, WIBA, WBU белбеулерін жеңіп алған еді. 

Жарнама

Живи спортом!