Қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипова бүгін, 7 сәуір күні кәсіпқой бокстағы өзінің бесінші кездесуін өткізеді.
Отандасымыздың қарсыласы ресейлік Виктория Котова болмаққ. Жекпе-жек Мәскеудегі "Бокс академиясында" өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша 23:00-де басталады.
Фируза Шарипованың қатысуымен өтетін кездесуді боксшының командасы да тікелей көрсетеді. Бұл жекпе-жектің тікелей көрсетілімінің сілтемесе кездесудің алдында салынады.
Айта кетейік, Фируза Шарипова осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетсе, біреуінде жеңіліп қалды.
Жарнама