Фируза Шарипованың чемпиондық жекпе-жегі Қазан қаласына ауыстырылды

Сурет: Vesti.kz
Қазақстандық боксшы Фируза Шарипованың қатысуымен өтетін турнир Сочидан Қазан қаласына ауыстырылды. 

Бұл Сочиде коронавирус инфекцияның таралуынан туындаған қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып отыр. Сондықтан 15 тамызда жарияланған турнир Қазан қаласында өтеді.

Еске салайық, алдағы бокс кешінде Фируза Шарипова танзаниялық Хэппи Даудимен IBA белбеуі үшін чемпиондық жекпе-жек өткізеді.
Метки:
Жаңалықтар