Профи-бокс
13 қараша 2018 17:11
 
Фируза Шарипованың әлем чемпионымен өтетін жекпе-жегін Қазақстанда көрсетеді

  Пікірлер

blog.share

Фируза Шарипованың әлем чемпионымен өтетін жекпе-жегін Қазақстанда көрсетеді Фируза Шарипова. © profiboxing.kz

IBO белбеуінің иегері Фируза Шарипова WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы финляндиялық Ева Вальстрем арасында өтетін жекпе-жекті Қазақстан аумағында "Хабар" телерарнасы көрсететін болады. 

Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясында айтылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 22 қарашада Санкт-Петербург қаласындағы "Сибур Арена" кешенінде өтеді. Астана уақыты бойынша 23:00-де басталады. 

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы екі чемпиондық белбеу бәске тігіледі: WBC және IBO.

Айта кетейік, 8 қыркүйекте Шарипова чепиондық белбеуін сәтті қорғап қалды. Ол Санкт-Петербург қаласындағы А2 аренасында Юлия Куценкомен жұдырықтасты. Осы жекпе-жек аяқталысымен финляндиялық боксшы Вальстрем шаршы алаңға шығып, Шариповамен көз арбасу сәтін өткізді. 

Жарнама

Живи спортом!