Фируза Шарипованың абсолют чемпионына қарсы кездесуін Қазақстанда көрсетпейтін болды
Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (14-1, 8 КО) мен әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тейлор (19-0, 6 КО) арасындағы кездесуді қазақстандық телеарналар көрсетпейтін болды. Бұл жағдайды Vesti.kz тілшісіне "Хабар" арнасының спорт бөлімінің продюссері Асқат Жақаев түсіндіріп берді.

Жекпе-дек 11-желтоқсан күні Ливерпуль қаласында өтеді. Айқас он раундқа жоспарланған.
"Шарипованың жекпе-жегін DAZN тікелей эфирде көрсетеді. Біз DAZN-ға ұсыныспен шықтық. Бірақ олар жекпе-жекті тек өздерінің платформасында көрсететінін айтты. Осы жерден келіссөз тоқтады. Біз де ары қарай бұл мәселені қарастырмадық.
DAZN Шарипованың қатысуымен өтетін кездесулерді телеарналарға сатпайды. Оны тек сол стримингтік сервистен көруге болады", - деді Жақаев.
Еске салайық, бұл екі боксшы жекпе-жек алдында бетпе-бет кездесті. Бүгін боксшылар салмақ өлшеді.
Жарнама