Фируза Шарипова көктемде шаршы алаңға оралады

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова келесі жекпе-жегін Қазан қаласында өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Фируза Шарипова сәуір айында ресейлік Софья Очигаваға қарсы жекпе-жек өткізеді. Қос боксшы чемпиондық белбеуді сарапқа салады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз соңғы жекпе-жегін 30 қазанда өткізді. Сегіз раундтық жекпе-жекте ол сербиялық Сара Марьяновичті жеңді.
Метки:
Жаңалықтар