Профи-бокс
31 наурыз 2017 09:21
 
Фируза Шарипова келесі жекпе-жегін 7 сәуір күні өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Фируза Шарипова келесі жекпе-жегін 7 сәуір күні өткізеді allfight.ru

Қазақ кәсіпқой боксшы қызы Фируза Шарипова келесі жекпе-жегін 7 сәуір күні өткізетін болды. Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский айтты, - деп хабарлайды AllFight.Ru.

- Чемпиондық атақ үшін өтетін жекпе-жек алдындағы дайындығымызды пысықтау үшін тағы бір кездесу ұйымдастырдық. 7 сәуір күні Мәскеудегі «Бокс академиясында» өтеді. Фируза өз рекордтарын арттыра түсу керек. Бұл жекпе-жектің чемпиондық атақ үшін болатын кездесуге еш әсері жоқ. Ол жекпе-жек те жақында болады. Оған дайындығымыз жоғары.

- Осыған дейін Фирузаның жарақат алғаны туралы айтылып, 22 сәуірге дейін кездесу өткізе алмайтыны туралы ақпарат жарияланған еді...

- Медициналық сараптама бойынша Фируза 21 күн жекпе-жекке шықпауы тиіс болған. Ол аралық 25 наурыз күні аяқталды. Одан бергі аралықта бір рет спарринг өткізді. Қазір нағыз бабында. Рейтингтік жекпе-жекке шығуына қауқары жетеді.

- 7 сәуірдегі қарсыласы белгілі ме?

- Иә, белгілі. 30 жастағы ресейлік боксшы Виктория Котовамен жұдырықтасады. Осыған дейін қарсыласы самбо, қоян-қолтық ұрыс, кикбоксинг және дзюдомен айналысқан. Енді кәсіпқой бокста да бағын сынап көрмек екен.

Айта кетейік, Фируза Шарипова соңғы жекпе-жек 4 наурыз күні Юлия Чернобородовамен жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Жарнама

Живи спортом!