auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Фируза Шарипова Головкин мен "Канело" арасында өтетін жекпе-жек кешінде өнер көрсетуі мүмкін

Фируза Шарипова Головкин мен "Канело" арасында өтетін жекпе-жек кешінде өнер көрсетуі мүмкін
Қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипова орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы бокс кешінде өнер көрсетуі мүмкін. Бұл туралы танымал менеджер эл Хэймонның агенті Алекс Вайсфельд AllFight.Ru порталына берген сұқбатында айтып берді. 

"Біз Сергей Завильскиймен бұрыннан бірге жұмыс істеп келеміз. Ол Ресей жеріндегі сенімді әріптестеріміздің бірі және қазіргі уақытта Фируза Шариповмен жақсы жұмыс істеп жатыр. Фируза бүгінге әлемге спорттағы жетістіктерімен ғана емес, сұлулығымен де танымал спортшылардың бірі. Бұған дейін Майк Тайсонды жаттықтырып, бүгінде менің шәкірттерімнің бірі Сергей Липинцпен жұмыс істеп жүрген танымал бапкер Бадди МакГрит Фирузаны әлемнің абсолютті чемпионы етіп шығарғысы келеді. Эл Хэймонның да мақсаты сондай. Сондықтан да мен Оскар Де Ла Хойямен (Сауль Альварестің промоутері) бетпе-бет кездескен кезімде Шарипановың Головкин мен "Канело" арасында өтетін бокс кешінде өнер көрсетуін ақылдасатын боламын", - дейді Алекс Вайсфельд. 

Еске салайық, Фируза Шарипов өзінің кезекті кездесуін 27 мамыр күні Мәскеуде өткізеді. Ал 6 шілде күні отандасымыз Магнитагорск қаоасында WBC Internationa тұжырымы үшін жекпе-жек өткізеді деп жоспарлануда. 

Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтетіні белгілі болды. НВО арнасы бұл кездесуді PPV арқылы таратады. Алайда қайда өтетіні әзірше нақты белгілі болмай тұр.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама