auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

EXPO-да екі бокс кеші өтуі мүмкін. Біреуі Головкинмен - ҚР кәсіпқой бокс федерациясының президенті

EXPO-да екі бокс кеші өтуі мүмкін. Біреуі Головкинмен - ҚР кәсіпқой бокс федерациясының президенті
Геннадий Головкин. © Will Hart/insidehboboxing.com
ҚР кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz тілшісіне Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылатын бокс кештерінің жай-жапсарын айтты.

- Екі бокс кеші өтуі мүмкін. Себебі Геннадий Головкиннің командасы маусымда, болжам бойынша 17-сінде. Ал WBC 55-ші мерейтойлық конвенциясының өту кезеңі, ол тамыздың соңында және қыркүйектің басында өтеді, біз үлкен бокс кешін ұйымдастырғымыз келеді. Екі матч та EXPO-2017 көрмесіне орай өтеді", - деді Бекхожин.

- Екінші бокс кеші Геннадий Головкинсіз өте ме?

- Головкинсіз өтеді, алайда шетелде жұдырықтасып жүрген біздің жігіттер болады. Ең қызықтысын рейтинг бойынша анықтап, ұсыныс жасаймыз. Кейін промоутерлер оларға жақсы қарсыластар таңдай бастайды. 

- Головкин маусымда кіммен шығуы мүмкін?

- Әзірше белгісіз, қарсылас таңдаумен Головкиннің командасы айналысады. Біз федерация ретінде қолдау білдіреміз. Жекпе-жекті ұйымдастыруды олар өз мойнына алады. 

- Жекпе-жек "Астана-Аренада" өте ме?

- Зор қызығушылық болады. Жекпе-жек "Астана-Аренада" өтсе ақылға қонымды болады.

- Головкин Қазақстанда маусымда жекпе-жек өткізетініне қаншалықты сенімдісіз?

- Жекпе-жек өтеді дегенге 80 пайызға сенемін.

Ал осыған дейін Головкин осы жазда Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін деген мәлімет тараған еді. Оған ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс қарсылас болуы мүмкін. Оның промоутері Фрэнк Уоррен Головкиннің командасымен келіссөз жүргізуді бастағанын хабарлаған, бірақ келісім бұрыннан бар екенін айтқан. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы 18 наурызда Нью-Йоркте жекпе-жек өткізіп, америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңген болатын. Есеп: 115-112, 115-112 және 114-113.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар
Бүгін , 01:51
Кәсіпқой бокс
"Канело" ең үздік боксшыны атады "Канело" ең үздік боксшыны атады

Жарнама

Жарнама