Профи-бокс
2 шілде 2020 18:53

"Естен адасқансыңдар". Әйгілі Дон Кинг "Жолбарыстың" Алматыдағы титулды жекпе-жегі жайлы

Василий Живров. Сурет: HBO©
Олимпиада чемпионы Василий Жиров кәсіпқой бокста Қазақстан жерінде бір ғана кездесу өткізгенін біреу білсе, біреу білмес. Оның еліміздегі жалғыз жекпегі Алматы төрінде өтті. Қарсыласы пуэрторикалық боксшы еді. Мұхиттың арғы жағынан келген боксшының еліміз туралы әсері мен жекпе-жек туралы Vesti.kz порталының тілшісі арнайы материал дайындады. 


"Бәрің естен адасқан боларсыңдар". Пуэрторикалық боксшы Алекс Гонсалестің промоутері болып жүрген даңқты Дон Кинг Жировтың промоутері Панос Эллиадистің жекпе-жекті ұйымдастыру туралы ойына осылай жауап берген еді. 

Шыны керек, 2000 жылдардың басында қазақ жерінде кәсіпқой бокс керемет дамымай тұрған. Кәсіпқой бокстың не екенін бізге Жиров ақырындап сездіріп, бой үйретті. 

Бір назар аударатын дүние, жекпе-жекті Қазақстанда ұйымдастыру тек Донға ғана емес, Алекстің командасына да ұнаған жоқ. Өйткені, Қазақстан тым ұзақ. Кингте бұл кездесуден табыс таппаймын ба деген қауіп те болды. Өйткені, кәсіпқой бокс ол тек спорт емес, сондай-ақ - бизнес. Сондықтан да бұл кездесуді ұйымдастырар кезде екі тарап та тәуекелге барды. 

Донды жекпе-жекті өткізуге кімнің және қалай келістіргені белгісіз. Бірақ кездесу Алматыда өтетін болып бекітілді. Ал Гонсалесте және оның командасында ешқандай таңдау болмады. Өйткені, кездесуді өткіздуің бәссаудасын Жировтың командасы жеңіп алды. 

Сөйтіп, жекпе-жек 2001 жылдың 6 ақпанында өтетін болды. Қыс болмайтын Пуэрто-Рика елінен келген Гонсалес үшін бұл мүлде қолайлы болмады. "Акула" да (Гонсалестің лақап аты) бұл кездесуді ара-тұра еске алып тұрады. Әрине, естеліктері жағымды емес. 

Қазақстан тарихында ең маңызды кездесулердің бірі Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтті. Жекпе-жек барысында спорт кешеніне ине шаншыр орын болмады. Алты мың орын жанкүйерге толды. Айқастың басты қонағы сол кездегі Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды.

"Жолбарыс" деген лақап атпен танымал Жировтан басқа бұл кеште Серікжан Ешмағамбетов пен Қайрат Сиқымбаев деген отандастарымыз шықты. Бұл екі батырымыз да өз кездесулерінде жеңіске жетіп, жанкүйерледің мерейін көтеріп тастады. 

Орайы түскенде айтайық, бұл кеште болашақ жұлдыз, нигериялық Самюэль Питер кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, болгариялық Георги Христовтан үстем түсті. Содан кейін ол ағайынды Кличколардың екеуімен де жұдырықтасып, көпшілкке кеңінен танылды. 



Ал кештің басты айқасында Жиров бірінші ауыр салмақтағы IBF белбеуін қорғады. Өкінішке қарай, кездесу ұзаққа созылмады. Бірінші раунда-ақ аяқталды. Гонсалес бірде-бір айтарлықтай шабуыл да жасай алмады. Тек бірінші секундтарда ғана бір екі соққы жасап үлгерді. 

Жиров болса бірден шабуылға көшіп, қарсыласын құлатты. Гонсалес төрешінің есебі біткенше тұра алмады. 



"Достар! Бүгін мен үшін есте қалар күн болды. Оның басты куәгері сіздер. Екі жылдан кейін әлемнің барлық белбеулерін алып келуге уәде беремін", - деді Жиров жекпе-жек аяқтала салысымен. 

Чемпиондық белбеуді боксшы Назарбаевқа табыстап, Қазақстанның Тәуелсіздігінің он жылдығына арнағанын айтты.