Эрисланди Лара WBA белбеуін сәтті қорғап IBO белбеуін жеңіп алды

Бірінші орта салмақта WBA белбеуінің иегері Эрисланди Лара белбеуін сәтті қорғады.

Кубалық боксшының қарсыласы америкалық Грег Вендетти болды. Бұл кездесу Лос-Анджелес (АҚШ) қаласында өткен жек-жек кешінің басты айқасы болды.

Аталған айқаста Лара өз белбеуін ғана қорғап қалмады. Сонымен қатар бұл кездесуде бос тұрған IBO белбеуі де сарапқа салынды.

Лара кездесудің 12 раундының қорытындысы бойынша бір ауыздан жеңіске жетті. Төрешілер 116-112, 117-11, 117-111 есебі тіркелді.

Айта кетейік, WBA белбеуін кубалық боксшы өткен жылы қыркүйек айында Сауль "Канело" Альварестің бауыры Роман Альваресті екінші раундта нокаутқа түсіріп, иеленген болатын.
Метки:
Жаңалықтар