Профи-бокс
25 сәуір 2017 11:29
 
Эрисланди Лара Джейкобс Головкинді жеңді деп есептейді

  Пікірлер

blog.share

Эрисланди Лара Джейкобс Головкинді жеңді деп есептейді © beatsboxingmayhem.com

Бірінші орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лара (24-2-2, 14 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жек туралы пікірін білдірді. 

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурыз күні, Нью-Йорк қаласында өтіп, төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді. Бірақ жекпе-жектен кейін Джейкобс төрешілердің шешімімен келіспейтінін айтқан еді. 

Мұндай шешіммен кубалық боксшы Эрисланди Лара да келіспейтінін айтты. Оның ойынша, бұл кездесуде Джейкобс жеті раундта жеңіске жетіпті. Сонымен қатар жекпе-жекте америкалық боксшы Головкинге әжептеуір қиындық туғызғанын айтты. 

"Головкин Джейкобсқа қарсы жекпе-жекте шамалы шашырап кетті. Менің ойымша, ол жеңілді. Бірақ төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Өйткені, бокс - бизнес. Мұндай кездесулерді ұйымдастыру қиын. Головкин - мықты боксшы. Дегенмен оны да жеңуге болады. Мен Джейкобстың жеті раундты жеңгенін көрдім. Егер Головкин менімен шығатын болса, мен де оған бірақ қиындық туғыз едім" - деп келтіреді Лараның сөзін BoxingScene.com порталы. 

Жарнама

Живи спортом!