Ербосынұлы мен Моррел кардында жұдырықтасатын боксшылар анықталды

©instagram.com/yerbossynuly_aidos/

5 қараша күні АҚШ-тың Миннеаполис қаласында Showtime мен Эл Хэймонның РВС промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде кімдердің жұдырықтасатыны анықталды, деп жазады vRINGe.com порталы. 

Бұл жекпе-жек кешінің басты айқасында қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) екінші орта салмақта WBA World белбеуінің иегері кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) кездеседі. Айқас 12 раундқа жоспарланған. 

Сонымен қатар, басты кардта орта салмақтағы (72,6 келі) боксшылар шаршы алаңға шығады. Тарқатып айтсақ:

- әлемнің бұрынғы чемпионы Доминикан Республикасының өкілі Джейсон Росарио (23-3-1, 17 КО) мен америкалық Брайан Мендоса (20-2, 14 КО); 

- Польша намысын қорғайтын украиналық боксшы Федор Черкашин (20-0, 13 КО) ямайкалық Натаниэль Галлимормен (22-5-1, 17 КО) кездеседі;

- жартылай ауыр салмақтағы америкалық Андре Диррелл (28-3, 18 КО) мен кубалық Юниэски Гонсалес (21-4, 17 КО) жолығады;

- әлемнің бұрынғы чемпионы, америкалық Джулиан Уильямс (27-3-1, 16 КО) аргентиналық Роландо Мансиямен (18-11-1, 8 КО) қолғап түйістіреді;

- әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Абылайхан Жүсіпов америкалық Демаркус Лейтонмен (8-3-1, 5 КО) шаршы алаңға шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар