Профи-бокс
10 наурыз 2017 20:41
 

Ербосынұлы Головкиннің бұрынғы қарсыласымен өткізген жаттығуы жайлы айтты

  Пікірлер

blog.share

Ербосынұлы Головкиннің бұрынғы қарсыласымен өткізген жаттығуы жайлы айтты Сурет Instagram желісінен

25-жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы Vesti.kz тілшісіне болашақ қарсыласы америкалық Риарусе Дадли жайлы және Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласымен түскен суреті туралы айтып берді.

- Айдос, сіз Геннадий Головкиннің қарсыласы болған Доминик Уэйдпен бірге жаттыққан сәтіңіздің суретін әлеуметтік желіге жүктепсіз. Дайындықтағы қарсыласыңыз жайлы айтып берсеңіз.

- Иә, Доминик Уэйд біз жаттығып жүрген залға келіп тұрады. Бірақ мен оған қарсы әлі жаттығу жекпе-жегін өткізбедім.

- Тек бірге жаттығып жүрсіздер ме?

- Әзірше иә.

- Уэйдпен бапкерлеріңіз бір ме?

- Менің Қазақстаннан келген жеке жаттықтырушым бар. Есімі - Қанат Алтаев.

- Америкалық боксшыдан іліп алар нәрсе болды ма?

- Әзірге жоқ. Оған назар аударым жүргенім жоқ.

- Қарсыласыңыз жайлы не ойлайсыз?

- Қарсыласым қарымды. Қимылы ширақ. Өзге америкалықтарға қарағанда ерекшелеу.

- Ол мансабында қазақстандық Шыңғысхан Тәжібайға қарсы жекпе-жекте ғана жеңілген екен. 

- Иә, оны білемін. Шыңғысхан жақсы боксшы. Ол ұпай саны бойынша қарсыласынан басым түсті. Алайда америкалық та оңай шағылатын жаңғақ емес.

Айта кетейік, 23 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында Ербосынұлы америкалық Риарусе Дадлимен рейтингтік жепе-жек өткізеді.

Бұл жекпе-жегіне отандасымыз қазір Нью-Йорк қаласында дайындық жұмыстарын өткізіп жатыр. Алдағы жекпе-жегіне дайындалу үшін оған Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы болған Доминик Уэйд көмектесіп жатыр.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек 2016 жылы 23 сәуірде Инглвуд қаласында (Калифорния, США) өткен еді. Бұл жекпе-жекте біздің отандасымыз үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

blog.share
25-жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы Vesti.kz
тілшісіне болашақ қарсыласы америкалық Риарусе Дадли жайлы және Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласымен түскен суреті туралы айтып берді.

- Айдос, сіз Геннадий Головкиннің қарсыласы болған Доминик Уэйдпен бірге жаттыққан сәтіңіздің суретін әлеуметтік желіге жүктепсіз. Дайындықтағы қарсыласыңыз жайлы айтып берсеңіз.

- Иә, Доминик Уэйд біз жаттығып жүрген залға келіп тұрады. Бірақ мен оған қарсы әлі жаттығу жекпе-жегін өткізбедім.

- Тек бірге жаттығып жүрсіздер ме?

- Әзірше иә.

- Уэйдпен бапкерлеріңіз бір ме?

- Менің Қазақстаннан келген жеке жаттықтырушым бар. Есімі - Қанат Алтаев.

- Америкалық боксшыдан іліп алар нәрсе болды ма?

- Әзірге жоқ. Оған назар аударым жүргенім жоқ.

- Қарсыласыңыз жайлы не ойлайсыз?

- Қарсыласым қарымды. Қимылы ширақ. Өзге америкалықтарға қарағанда ерекшелеу.

- Ол мансабында қазақстандық Шыңғысхан Тәжібайға қарсы жекпе-жекте ғана жеңілген екен. 

- Иә, оны білемін. Шыңғысхан жақсы боксшы. Ол ұпай саны бойынша қарсыласынан басым түсті. Алайда америкалық та оңай шағылатын жаңғақ емес.

Айта кетейік, 23 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында Ербосынұлы америкалық Риарусе Дадлимен рейтингтік жепе-жек өткізеді.

Бұл жекпе-жегіне отандасымыз қазір Нью-Йорк қаласында дайындық жұмыстарын өткізіп жатыр. Алдағы жекпе-жегіне дайындалу үшін оған Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы болған Доминик Уэйд көмектесіп жатыр.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек 2016 жылы 23 сәуірде Инглвуд қаласында (Калифорния, США) өткен еді. Бұл жекпе-жекте біздің отандасымыз үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Жарнама

Живи спортом!